Өңірлер

Шымкент дәмханасында қонақтар кешкі астан уланып қалды

© REUTERS / Adela SulimanТамақ салынған тәрелке
Тамақ салынған тәрелке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаланың қоғамдық тамақтану орындарының бірінде 11 адам уланып қалғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Шымкенттегі дәмханалардың бірінде мерекелік кешкі астан кейін он бір адам уланып қалды, деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

Асхана, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанай тұрғыны тамақты плитаға қойып, ұйықтап қалған – ТЖД

11 адамның барлығы тамыздың бесінен алтысына қараған түні "улану" диагнозымен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түсті.

Шымкент полициясы улану фактісі бойынша ҚР қылмыстық кодексінің "Санитариялық және гигиеналық нормаларды бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.  

Қазақстанда астан улану оқиғасы соңғы рет Лисаковта шілденің соңында болған еді, ол кезде кеніштегі асханада "Қазақстан алюминийі" АҚ-ның 45 қызметері уланды. Олардың жартысына жуығының улануына сальмонеллез себеп болғаны анықталды. 

Головкиннің досы ішімдіктен уланып, ауруханада көз жұмды

"Дос қызымен бірге қаланы аралаған" 18 жастағы жігіт гаражда тұншығып өлді 

 

 


Жаңалықтар
0