АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Қостанайда көпқабатты үйдің тұрғыны тамақты жылыту үшін плитаға қойып, ұйықтап кеткен. Ақпаратты Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметі растады, деп жазды alau.kz.
Иісті көршілері сезген. Олар есікті қаққан. Ешкім ашпаған соң учаскелік инспектор пен өрт сөндірушілерді шақырған.
"Соның арқасында жалын таралмаған. Түтіннен уланып қалған 56 жастағы ер адам қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметтері мен кезекшіліктегі шұғыл тергеу тобының қызметкерлері барды", — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Облыстық ведомствоның мәліметінше, ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.