АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысы Сәтпаев қаласында ағаш үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
ТЖК мәліметінше, Сәтпаев қаласы Весовая ауылында үйдің өртенгені туралы хабар 3 сәуірде 03:26 кезінде түскен.
Өрт сөндірушілер келгенде сегіз пәтерлі үйдің екінші қабаты мен шатыры лапылдап жанып жатқан, кейін баспалдағы мен пәтерлер арасындағы қабырғалар қирап түсіпті.
Жанып жатқан үйден екі адам құтқарылды. Екінші қабаттағы пәтерден құтқарылған 53 жастағы ер адамға иіс тиіп уланып әрі күйік шалып ауруханаға түсті. Сол пәтерден 29 жастағы ер адамның денесі табылған.
Өрт 7:14 кезінде сөндірілді, жалпы аумағы 180 шаршы метр. Өртті сөндіруге 37 адам мен тоғыз техника қатысты. Себебі анықталуда.
Тұрғын үйде 19 адам тұрып жатқан. Баспанасыз қалған олардың үшеуі жатақханаға орналастырылып, қалғандары туыстарының үйінде тұрып жатыр.