Саясат

Қазақстан КСРО кезінде Ресей аумағында қалып қойған мұнайды қайтаратын болды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуМұнай
Мұнай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Түймазы-Омбы-Новосібір-2 (ТОН-2)" мұнай құбыры мен "Омбы-Павлодар" мұнай құбырындағы технологиялық мұнайдың тағдыры шешіледі

АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан екі ел арасындағы келісім аясында Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Ресей аумағында қалып қойған 141 728 тонна мұнайды қайтаруы мүмкін, деп хабарлайды тілшісі.

Ай - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ресей Айға ұшуға билет ұсынады: бағасы қанша

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "ҚР үкіметі мен РФ үкіметі арасындағы "Түймазы-Омбы-Новосібір-2" және "Омбы-Павлодар" магистралдық мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды. Аталған келісім Қазақстан мен Ресей арасында тәуелсіздік алған жылдардан бері жалғасып келе жатқан мұнай дауына нүкте қоюға мүмкіндік бермек.

"КСРО кезінде еліміздің магистралдық мұнай құбырлары желісі бірыңғай жүйеде болатын. Кеңес одағы тарағаннан кейін құбырлар әр мемлекеттің аумақтық қағидаты бойынша бөлініп кеткен еді. Алайда "Түймазы-Омбы-Новосібір-2 (ТОН-2)" мұнай құбырының Қазақстан бөлігіндегі 62 048 тонна технологиялық мұнайының меншік құқығы айқындалмай қалып кеткен. Сонымен қатар, "Омбы-Павлодар" мұнай құбырының Ресей учаскесіндегі 141 728 тонна мұнайының да меншігі шешілмеген еді. Бірақ аталған мұнай аумақтық қағидатқа нақты тапсырылмаса да, Ресейдің "Транснефть" ЖАҚ пен қазақстандық "ҚазТрансОйл" компаниясының балансына берілген болатын. Яғни "Омбы-Павлодар" мұнай құбырының Ресей учаскесіндегі 141 728 тонна мұнайы, шын мәнінде, "ҚазТрансОйл"АҚ балансында. Ал ТОН-2 мұнай құбырының Қазақстан аумағындағы 62 мың тоннадан астам мұнайы "Транснефть" компаниясының қарамағында", — деді энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәжіліс отырысында.

Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында "ТОН-2" және "Омбы-Павлодар" магистралдық мұнай құбырындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы" келісім 2017 жылдың 9 қарашасында жасалған. Министрдің айтуынша, аталған құжат екі ел арасындағы көпжылдық жұмыстың нәтижесі.

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Ресейде ән салған Димашқа көрермендер орындарынан тұрып қошемет көрсетті - видео

"Технологиялық мұнайды қайтару рәсімдерін жеңілдету мақсатында аталған келісіммен мынадай шешімдер қабылданды. Біріншіден, Қазақстан аумағында орналасқан ТОН-2 магистралдық мұнай құбырындағы 62 048 тонна көлеміндегі мұнай "ҚазТрансОйл" АҚ-ға тиесілі болады. Екіншіден, Ресей учаскесінде жатқан "Омбы-Павлодар" құбырындағы мұнайдың дәл сондай 62 048 тоннасы "Транснефть — Урал" АҚ-ға ("Транснефть" компаниясының еншілес қоғамына) тиесілі болады. Үшіншіден, ресейлік учаскедегі "Омбы-Павлодар" магистралдық мұнай құбырындағы қалған 79 680 тонна мұнай "ҚазТрансОйл" компаниясына тиесілі болып бекітілді", — деді ведомство басшысы.

Бозымбаевтың айтуынша, келісім күшіне енген күннен бастап, он ай ішінде "ҚазТрансОйл" АҚ-ға тиесілі 79 670 тонна мұнай "Омбы-Павлодар" құбыры арқылы Ресей аумағынан Қазақстанға бірнеше партиямен жөнелтіледі.

"Осылайша бұл келісім құбырлардағы мұнайдың аталған ұйымдарға тиесілі екенін заңды түрде айқындайды. Сондай-ақ, мұнайды меншік иелеріне тапсырудағы қажетті азаматтық-құқықтық және ұйымдастыру рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Келісімді ратификациялау және іске асыру "ҚазТрансОйл" АҚ-ға бұрын талас болып келген 141 728 тонна технологиялық мұнайды заңды түрде иеленуіне мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ел экономикасына қосымша пайда әкеледі", — деп сендірді министр.

Ол технологиялық мұнай жер қойнауын пайдаланушыларға қайтарылатынын атап өтті.

"Олар мұнайды Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа жеткізуге мүмкіндік алады. Ресей тарапы келісімді күшіне енгізу үшін барлық мемлекеттік рәсімді орындады", — деп түйіндеді сөзін Бозымбаев.

Жаңалықтар
0