Әлем

Ресей Айға ұшуға билет ұсынады: бағасы қанша

© Sputnik / Владимир Сергеев / Медиабанкке өтуАй
Ай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдің зымыран-ғарыш "Энергия" корпорациясы мен Американың SpaceX компаниясы туристерді Айды аралауға шақырды

АСТАНА, 23 қыркүйек — Sputnik. Ресейдің "Энергия" зымыран-ғарыш корпорациясы "Союз" кемесіне отырып Айды аралауды ұсынды, сондай-ақ, бірнеше жыл бұрын дәл осылай ұсыныс жасаған SpaceX компаниясына өздерінің бәсеке бола алатынын хабарлады.

Астронавт Джон Янг - Sputnik Қазақстан
Айға екі рет ұшқан астронавт өмірден озды

Кез келген турист 150-180 миллион доллар төлеу арқылы Айға барып қайта алады, деп хабарлайды РИА Новости зымыран-ғарыш саласындағы дереккөзге сілтеме жасап.

Мұндай мәлімдемені алғаш рет америкалық SpaceX компаниясы жасаған-ды. Сондай-ақ, Жер серігіне барғысы келетін алғашқы туристің есімі де белгілі болды. Ол — жапониялық миллиардер Юсаку Маэдзава. Алайда компания мұндай саяхаттың құны қанша болатынын ашып айтудан бас тартты. Ал туристің өзі 2023 жылы ұшуы мүмкін екенін жеткізді.

Мұнымен қатар, "Энергия" корпорациясының өкілі бұл мәселенің бірнеше жылдан бері қаралып келе жатқанын жеткізді. Бұл үшін "Союз" кемесі қолданылмақ. Айға ұшу билетінің бағасы 150 мен 180 миллион аралығында болмақ. Мамандар бұл бағаның бастапқысына қарағанда көтерілгенін айтады. Бұған өзіндік себептері бар екен.

Екі турист 2018 жылы ғарышқа ұшады

Бірінші турист мұндай саяхат үшін 20 миллион доллар төлесе, қазір мұндай орындар 82 миллион тұрады.

2017 жылы "Энергия" компаниясының бастығы болған Владимир Солнцев корпорацияға бірнеше адамның өздерінің Айға ұшқысы келетінін айтқанын жеткізді. Олар сол кезде билет үшін 120 миллионнан төлеген. Бұдан өзге ол кеменің Айға 2021-2022 жылдары ұшуы мүмкін екенін айтқан-ды.

Жаңалықтар
0