АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. 22 қыркүйек күні Ақтау ауруханасына тыныс алуы қиындаған бес жасар бала түсті.
Баланың өңешінде 100 теңгелік монета бар екені анықталды, деп жазды Лада.
Эндоскопист дәрігер Роллан Елеусінов әріптестерімен бірге монетаны шығару отасын жасады.
Монета әуелі өңешінде тұрған, ол ота кезінде асқазанға түсті. Хирургиялық ота 40 минутқа созылды.
Баланың жағдайы жақсарып қалғаны белгілі болды, ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Дәрігерлер ата-аналардан кішкентай балаларға мұқият болып, ұсақ-түйекті: магнит, тиын, ине, түйреуіш және тағы басқа да заттарды жасырып қоюды сұрады.