Әлем

12 жастағы қыздың асқазанынан үш келідей сағыз аралас шаш шықты

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуОперация, архивтегі фото
Операция, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Неслихан шашын шайнауды, бұған қоса шайнаған сағыздарын жұтуды әдетке айналдырған

АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Түркиядағы Конья қаласының 12 жастағы тұрғыны Неслихан Каракоч үш жыл бойы ішінің ауыратынын айтып шағымданған, деп хабарлады 24.kz.

Алайда соңғы кезде қыздың ауруы асқынып, ата-анасы оны дәрігерге апаруға тура келген. 

Операция - Sputnik Қазақстан
Сәбидің денесінен 16 ине табылды – Өзбекстанда болған оқиға
Жергілікті аурухананың хирургы Бюлент Эреноглу 12 жастағы қызды қарап, қарын бөлігінің нығыздап қатайғанын байқайды. Томография түсіріліп, кейін қызға операция жасалады. 

Оның асқазанынан 2 келі 800 грамм болатын шаш пен сағыздан құралған масса шыққан. Ал баланың ішінен шыққан кесектің диаметрі 20 сантиметрді құраған. 

Неслихан өзінің шашын шайнауды, бұған қоса шайнаған сағыздарын жұтуды әдетке айналдырып келген екен.

"Ол 50-ге жуық сағыз жұтқан, соның салдарынан асқазанындағы жұтқан шаштары қатты массаға айнала берген. Неслихан ішінің қатуына, қарнының ауруына және нашар тәбетіне шағымданған. Ал негізі шашты жеу — ол ауру. Оны медицинада трихотилломания деп атайды", – дейді Бюлент Эреноглу.


Жаңалықтар
0