Мәдениет

Ақтөбелік әжемен суретке түскісі келген Төреғалидің басы тағы да дауға қалды

© Photo : официальный аккаунт в соцсетиТөреғали түрік әншісіне қазақ елі атынан домбыра тарту етті
Төреғали түрік әншісіне қазақ елі атынан домбыра тарту етті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл жолы әнші сахнаға жантая кетіп әжеймен суретке түспек болған екен

АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Ақтөбе қаласындағы концерттердің бірінде сахнаға жантая кетіп әжеймен бірге суретке түспек болған Төреғалидің басы тағы да дауға қалды.

Төреғали Төреәлі - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Отандық радио Төреғали Төреәлінің әндерін эфирден алып тастады

Басы даудан арылмайтын Төреғали қоғамға қатты өкпелі көрінеді. Айтуынша, шет аймақтардағы ән кештерінде жұлдызды аяқтан шалғысы келетіндердің қарасы көбейген. Өткен жылдың соңында керекулік қариямен ерегескен әнші бұл жолы ақтөбелік әжеге қатысты әңгіменің шетін шығарды.

Хитмен халықпен қауыша қалса, хейтерлердің құрығына ілінеді екен. Жайсыз жағдайлардың бірі Ақтөбеде болған.

"Ақтөбенің сахнасы биік екен. Апа суретке түсе қояйын деп жаныма келді. Сахнаға отырсам басым бұтымның арасына кіріп кетеді екен. Болмаған соң жантайып жаттым. Кейін апаны құшақтадым. Осыдан кейін "Төреғали Ақтөбеге келіп сахнада жатты" дегенді шығарып алыпты. Сонда ана апа мен суретке түсу деген қайда қалды?" — деп ашуланды әнші НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында.

 

 

Жаңалықтар
0