Мәдениет

Отандық радио Төреғали Төреәлінің әндерін эфирден алып тастады

Жазылу
Әндері радио эфиріне қайта шығуы үшін Төреғали Павлодар тұрғынынан кешірім сұрауы тиіс

АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. OrdaFM радиосының директоры Азамат Исаев әнші Төреғали Төреәлі Павлодар тұрғынынан кешірім сұрамайынша, әндері эфирге шықпайтынын мәлімдеді. Ол бұл туралы Твиттердегі ресми парақшасында жариялаған.

"Мен, @OrdaFM радиосының директоры, ресми түрде мәлімдеймін: әнші Төреғали Төреәліге қатысты кешегі оқиғадан кейін ұжым болып шешкеніміздей, әртіс концерт өткен Павлодар қаласының тұрғынынан халық алдында кешірім сұрамайынша, барлық әнін эфирден алып тастаймыз", — деп жазды директор.

Естеріңізге сала кетсек, кеше әлеуметтік желіде танымал әнші Төреғали Төреәлінің өз концертінде ерсі қылық көрсеткен видео тараған болатын. Видеодан әншінің концертіне келген көрерменінің бірімен дөрекі сөйлесіп, соңында "Ұнамай ма? Шығып кетіңіз!" деп айтқанын көруге болады. Желі қолданушылары Төреғалидің бұл оғаш қылығына наразы болып, ел баласына тән емес мінез көрсеткен әншіні сөгіп жатыр. Ал халықтың сынына ұшыраған әнші инстаграмдағы парақшасына "Өтірік" деп жазып қойған.

Жаңалықтар
0