Қоғам

Психологтар адам есімінің тағдырына қалай әсер ететінін айтты

CC0 / aaandrea / Отбасы қолұстасып суда ойнап жүр
Отбасы қолұстасып суда ойнап жүр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар әрбір ата-ана баласына есім берерде ойлануы керек дейді. Себебі ол үлкен - жауапкершілік.

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек — Sputnik, Айгерім Таубай. Қазақ халқы балаға ат қоярда сол есімнің өзіне жүктелетін жауапкершілігін де қатар ойлаған. Ырымдап "бай", "сұлу", "керім", "бек" секілді сөздерді жалғаған. Осы уақытқа дейін адам есімін зерттеумен айналысатын антропономика ғылымының мамандары мен психологтар адамның есімімен тағдыры жазылады деген пікірдің рас екенін дәлелдеумен келеді. Психолог Әлия Ишниязова ата-ана он ойланып барып сәбиге есім берген дұрыс дейді.

Елбасы зияткерлік мектебінің оқушыларымен бірге - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы өзінің есімі берілген мектептер туралы пікір білдірді

"Әрбір ата-ана баласына есім қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарап, он ойланып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны дұрыс. Себебі ғалымдардың пайымдауынша, қойылған есімдердің адам өміріне әсері өте ерекше. Осы тұста өз көзқарасым бойынша сәбилерді, күнделікті өмірде адамдарды неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын адамның да баланың да тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі", — дейді Әлия Ишниязова.

Психологтың айтуынша, есіміне байланысты жанына жағатын жылы лебіздер мен тілектер айтылған сайын адамның рухани жан дүниесі көтеріліп, психологиясына әсер етпей қоймайды. Сол арқылы адам жетістіктерге жетіп, шыңдарды бағындырады.

"Мысалы, Айгүл — қазақтың сөзі. Ай — қазақтың, гүл — тәжіктің сөзі. Гүл сөзі тәжік тілінде "роза" деген мағына береді. Бұл есім қыз бала айдай сұлу, гүлдей жайнаған көрікті болсын деген тілекпен қойылады, — дейді психолог.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы Астана көшелерінің атауына қатысты: кім болса, соның есімін беруді қойыңдар

Психология да жан туралы ғылым. Қазір психология танымдық процестердің өсіп, дамуын, қалыптасуын зерттеп жүр. Сондықтан есім мен адамның психологиясы да осы ғылым саласына кіреді.

"Жақсы иттің атын Бөрібасар қояды"

"Жақсы сөз — жарым ырыс" деген аталы сөз бар. Адамның есімі де дәл солай. Жақсы есім оның болашағына бағдарлама болады. Жақсы ат адамның өміріне әсер етеді деген көзқарас бұрыннан бар, бұл жайында жазылған ғылыми еңбек те көп. Қазақта "жақсы иттің атын Бөрібасар қояды" деген мақал бар. Қасқырға қарсы шабар күші болсын деген оймен қойылған, — дейді профессор Дина Әлкебаева.

Филологтың айтуынша, бұрындары әдеби шығармалардың кейіпкерлері де халық арасында кең таралып, балаға жақсы есім беруге өз септігін тигізген.

"Бауыржан Момышұлы халық қаһарманы деп танылған соң Бауыржан есімді ер азаматтардың саны да артты. Бұл әдебиетпен тікелей байланысты. Адамдар ешкімнің қолы жетпейтін асыл дүниелерді өз балаларына есім етіп қойған. Ал Диана, Мария секілді көп елде кездесетін есімдерге Диана ханшайымның халық алдындағы образы әсер етеді. Сондықтан бүгінде Диана есімді бойжеткендерді жиі кездестіреміз", — дейді Әлкебаева.

Шариғат не дейді?

Исламда "Әке мен шешенің баласының алдында үш міндеті бар: туғанда жақсы ат қою, дінге тәрбиелеу, үйлендіру". Бұл туралы хадисте айтылған. 

Шариғат заңы бойынша, жаңа туған нәрестеге үш күннің ішінде азан шақырып, ат қою керек. Басқа дүниеде жан мен тәні адасып қалмасын деп сәбидің құлағына есімін үш рет айқайлап айтады.

сәби - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада 1 желтоқсанда дүниеге келген нәрестенің есімін Нұрсұлтан деп қойды

Жиі қойылатын есімдер

Елімізде 2014 жылдан бері Әлихан мен Айзере ең көп қойылған есімдердің көшін бастап келеді. 2014 жылы 2798 ұл балаға Әлихан есімі берілсе, 6276 қыз балаға Айзере деп ат қойған. Одан бөлек Ерасыл, Нұрислам, Нұрасыл, Айсұлтан, Санжар, Рамазан секілді ұл аттары мен Айару, Інжу, Кәусар, Айша, Әмина, Аружан есімі сәнде болған.

2016 жылдың он айында 4934 қызға Айзере есімі берілсе, 4873 сәбиді Айару деп атаған. Раяна есімі 4765 сәбиге берілген. Ал ұлдар арасында Әлихан, Нұрислам, Айсұлтан үштікке енген.

2017 жылы Астананың өзінде 405 сәбиге Айзере есімі беріліпті. 354 рет қойылған Айлин есімі екінші орында тұр. 353 ата-ана өз сәбиіне Әмина есімін берген. Айару, Айша, Раяна, Кәусар, Дария, Әдия, Інжу, Айым және Томирис есімдері де ең көп қойылғандардың алдыңғы қатарында тұр.

Ал ұлдар арасында елордада туған 328, 255 және 222 балаға Әлихан, Әмір және Әли есімі берілген. Үздік ондыққа Айсұлтан, Санжар, Ерасыл, Арлан және Әрсен, Нұрислам, Алан, Мансұр есімі кіреді.

Ерекше есімдер

Заман талабына сай адамға қойылатын есім де өзгеріп отырады. Кеңес заманында Октябрь, Пионер, Совет секілді кісі аттары жиі кездессе, бүгінде діни есімдерді қою сәнге айналып бара жатыр. Баланың дүниеге келген күніне қарап есім беретіндер де кездеседі.

Ел арасында белгілі тұлғалардың есімін ырымдап қоятын дәстүр де бар. Әлихан есімі соның бірден-бір дәлелі. Алашорданың құрылғанына 100 жыл толуы қарсаңында Әлихан есімді ұл балалардың көбеюі де — заңдылық.

Сонымен қатар елімізде Экспо, Мәжіліс, Мәслихат, Нұрлыжол, Нұротан есімі берілген азаматтар да бар.

Жаңалықтар
0