АСТАНА, 23 қыркүйек — Sputnik. Танзанияның солтүстігіндегі Виктория көлінде кеме аударылып, қазіргі сәтте 218 адамның мәйіті судан шығарылды. Бұл туралы Reuters басылымы жазды.
Агенттік оқиға болған жерде құтқарушылар судан алып шығатын мәйіттерге арналған табыттардың тізіліп тұрғанын хабарлады.
Танзанияда төрт күн ұлттық қаралы күн деп жарияланды. Республика президенті Джон Магуфури кеменің жүруіне рұқсат бергендердің барлығын тұтқындауды тапсырды. 100 адамға арналған кемеде сол сәтте 400-ден астам адам отырған.
Виктория көлінді апатты жағдай 21 қыркүйек түнде болды. Ертесінде 37 адамның тірі қалғаны айтылды.