АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Танзаниядағы Виктория өзенінде жолаушылар тасымалдайтын паром аударылып, қайтыс болғандар саны 136 адамға жетті, деп хабарлайды Рейтер агенттігі.
Бұған дейін 86 адамның ажал құшқаны белгілі болған-ды.
Қайғылы жағдай бейсенбі күні болды. Кеме Юкора аралында айлаққа жақын жерде аударылған. Франс Пресс басылымының хабарлауынша, кемеде 200 адам отырған. Бұл кеме тасымалдай алатын адамнан екі есе көп. Сондай-ақ, кеменің ішінде жүк, жүгері, банан, цемент салынған мүшектер болған.
Рейтер басылымының хабарлауынша, кемеде қайғылы жағдай боларда 300 адам отырған.