Әлем

Суда шомылып жүрген 46 жастағы әйелге акула шабуыл жасады

© РИА НовостиАкула
Акула - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көп қан жоғалтқан турист ауруханаға жеткізілген

АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Австралияның Квинсленд штатындағы Уитсандей аралында акула туристке шабуыл жасап, ауыр жарақаттаған, деп хабарлайды РИА Новости. 

"Трагедия сәрсенбі күні күндіз болған.  46 жастағы турист қайықтың қасында жүзіп жүргенде, оған акула шабуыл жасап, ауыр жарақаттаған. Әйел көп қан қан жоғалтты, судан алып шыққанда хәлі нашар болған", — деп жазады Mercury порталы.

Зардап шеккен турист арнайы тікұшақпен ауруханаға жеткізілді. 

Вьетнамдағы алтын көпір, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Әлем
Селфи жасамақ болған турист көпірді құлатты

"Тікұшақ пен сол маңдағы адамдардың көмегі болмағанда, ол аман қалмайтын еді", — деп хабарлайды Mercury. 

Қайықта дәрігер болған, қанды тоқтатып, әйелге көмектескен де сол екен. 

Уитсандей аралы – Квинсленд тұрғындары мен туристері арасында өте танымал. Әсіресе жылдың жылы мерзімінде суға шомылатындар көбейеді. Үлкен барьерлік риф ауданында акулаларға арналған қақпандар орнатылған, Десек те олар қауіпсіздікке жүз пайыз кепіл бермейді екен.

Жаңалықтар
0