Әлем

Селфи жасамақ болған турист көпірді құлатты

© REUTERS / KhamВьетнамдағы алтын көпір, архивтегі сурет
Вьетнамдағы алтын көпір, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көпір үстінде тұрған 10 адам суға құлап кетті

АСТАНА, 18 тамыз — Sputnik. Хунань провинциясы Дунцзянху су қоймасы ауданындағы көпір селфи жасамақ болған туристің әрекеті салдарынан құлап кетті. Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазды. 

Құрбандыққа шалынатын малды таңдау кезі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Құрбандыққа шалынған малдың қасында селфи жасауға бола ма?

Оқыс жағдайға кінәлі азамат суретке түсу үшін адамдарды көпірдің екінші жағына өткізбей қойған. Салдарынан көпір адамдардың салмағын көтере алмай үзіліп, 10 турист суға құлайды. Олардың ішінде төртеуі жеңіл жарақат алған.

35 жастағы қазақстандық әйел селфи жасаймын деп қайтыс болды

Жергілікті биліктің түсіндіруінше, турист көпірдің жіңішке жерінде тұрып қалған. Экстремалды жағдайларда селфи жасаудың арты осындай оқыс жағдайларға жиі ұласады. 10 тамыз күні 22 жастағы Архангельск тұрғынын аю талап, ол ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Жас жігіт қала көшелерінің бірінде кездестірген аюмен селфи жасамақ болған екен. Сондай-ақ, шілде айының соңында 16 жастағы жасөспірім қыз америкалық Конро штатында қарумен селфи жасаймын деп қайтыс болған еді.

Жаңалықтар
0