Әлем

Қазақстанда аса қауіпті қылмыскер қашып кетіп, Қырғызстанды аяғынан тік тұрғызды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуарнайы операция кезіндегі құқық қорғау органдарының қызметкерлері, архив суреті
арнайы операция кезіндегі құқық қорғау органдарының қызметкерлері, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстандық полиция Қазақстандағы колонияда жазасын өтеп жатып қашып кеткен аса қауіпті қылмыскерді іздеп жатыр

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек — Sputnik. Қырғызстанның Ош қаласында полиция қауіпті рецидивист қылмыскер Жылдызбек Бекмұрзаевты іздеп жатыр. Ол Қостанайдағы қоныс колониясынан қашып кеткен. 

Бекмұрзаев қарақшылық, зорлау және тонау қылмысы үшін бұған дейін бірнеше рет сотталған, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан. 

Қазақстанда Бекмұрзаевты не үшін соттады?

Бекмұрзаев 2017 жылы шекараны заңсыз кесіп өткені үшін Қазақстанда ұсталады. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі қылмыскерді экстрадициялауды сұрайды, бірақ қазақстандық сот оны жарты жылға қоныс колониясына жібереді. 

тергеу изоляторы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанға Грузиядан аса қауіпті қылмыскер жеткізілді

Қырғыздың құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, Бекмұрзаев Қазақстандағы колониядан қашып кетіп, еліне оралып, жаңа ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. 

Қазақстанның ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыскер колониядан қашып кетті деген ақпаратқа түсініктеме берді. Комитет өкілдері Бекмұрзаевтың Қазақстанда сотталғанын растады, бірақ бір мәселені нақтылап өтті. 

"Ол қашып кеткен жоқ. Бұл жазаны өтеуден жалтару болып табылады, яғни ол қоныс колониясынан кетіп қалды. Заң бойынша бұл "жалтару" деп аталады, қашу емес. Жабық түрмеден қашады, ал бұл жағдайда ол жазасын өтеуден жалтарды", — деді тілшісіне Қазақстан ІІМ комитет баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Хасенов. 

Бекмұрзаевтың жаңа бандасы

Қырғызстанның тергеу органдарының айтуынша, Бекмұрзаевтың жаңа бандасы биыл мамыр-шілде айларының аралығында адам өлтіріп, тонап, бірнеше қылмыс жасаған. Тамызда Бекмұрзаевтың сыбайластарының бірі ұсталды. 

Түзету колониясының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Оралда қатаң режимдегі колонияда сотталушы өзіне қол салды

Кеше Ош қаласының шетінде патруль жасап жүрген полиция қызметкерлері Бекмұрзаевқа ұқсайтын ер адамды байқайды. Тәртіп сақшылары одан құжаттарын көрсетуді сұрайды, бірақ бейтаныс адам сөмкесінен қаруға ұқсайтын зат алып шығып, полицейлер жақындаса атамын деп қорқытады. Осыдан кейін күдікті көлікке мініп қашады және соңынан қуған полицейлердің көлігін қиратады. Дегенмен, қылмыскер алысқа қашып кете алмайды, оның "Мерседесі" шалшыққа батып қалған. Сонда да ол берілмей, көлігін тастап, жүгері алқабының арасына кіріп жоқ болады. 

Полицейлер алқапты қоршап тастады, қаладан шығатын жолдар қатаң бақылауға алынды. 

Жаңалықтар
0