Өңірлер

Ақтөбеде полицейлерге шабуыл жасауға дайындалған 150-ге жуық радикал ұсталды

© AFP 2024 / Sebastian Kahnert / POOLШынжыр, қамауға алу
Шынжыр, қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбе облысы полициясы басшысының пікірінше, әзірге қаладағы учаскелердің терезесінен торды алып тастау ерте

АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik. Ақтөбеде полицейлерге шабуыл жасауға дайындалған 147 радикал ұсталды. Бұл туралы мәслихат сессиясында облыстың ішкі істер департаментінің басшысы Махамбет Әбисатов мәлімдеді.

Арнайы операция - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қарағанды облысында арнайы операция кезінде радикалдар ұсталды

Ол шабуылға толығырақ тоқталған жоқ.

"Жақсылықты жария етпеген абзал, біз мұны "пиарсыз" жасадық", — деді Әбисатов депутаттарға.

Алайда журналистер 147 күдіктінің ұсталғанын анықтады. Әбисатов радикалдардың ұсталғаны жайлы депутаттың полиция учаскелерінің терезесінен торларды алып тастауға қатысты сауалына жауап беру кезінде айтқан еді.

"Терезедегі торлар азаматтардан жасырыну үшін емес, бұл антитеррорлық қорғаныс. Біздің бөлімшелерде қару-жарақ, оқ-дәрі бар екенін білесіздер. Біздің министр әр азамат полиция бөліміне еш кедергісіз кіруі керек екенін айтады. Біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Полиция бөлімдерінде азаматтарды қабылдауға арналған кеңселер ашу керек деп жатыр. Бізде бұл мәселе онсыз да жедел шешілуде, тұрғындар полицияға жүгінгенде, ұзақ күтпейді, — деп сендірді Ақтөбе облысы полициясының басшысы.

Сот Денис Тенді өлтірді деген күдіктілері қаулы шығарды

Өз кезегінде депутаттар полицейлерден тергеушіге немесе анықтаушыға кіру үшін сағаттап күтетін қарапайым азаматтарға назар аударуды өтінді.

Жаңалықтар
0