АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында радикалды топ қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арнайы операция жүргізу барысында топтың 3 мүшесі ұсталып, олардан суық қару мен діни мазмұндағы материалдар тәркіленді.
"Аталған адамдарға террористік топ құру және оның әрекеттеріне қатысты, сондай-ақ терроризмді насихаттады деген айып тағылып отыр", — делінген хабарламада.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.