Мәдениет

"Құйыршық болғанды қояйық!". Майғазиев шетелдік жұлдыздарды әспеттейтіндерге ашуланды

CC BY-SA 3.0 / Dana Kamzabek / Сәкен Майғазиев, әнші
Сәкен Майғазиев, әнші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Шетелдік әнші лимон дәмі қосылған қорқор әкелмегені үшін Қазақстандағы концертте өнер көрсетуден бас тартқан

АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. Біз шетелдік әншілердің алдында иілуге міндетті емеспіз. Қазақстандық жұлдыздарды шетелдіктерден төмендеткенді қою керек. Осылай деп ашуланды танымал продюсер Алуа Қонарова. Жуырда продюсердің тобы қазақстандық концерт ұйымдастырушылардың құрбаны болған екен. Әріптесінің бұл сөзін Сәкен Майғазиев пен өзге жұлдыздар да қоштай түсті. Бұл туралы Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтылды.

Сәкен Майғазиев - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Қаным басыма шапты". Майғазиев өнердегі ағасына неге жұдырық жұмсағанын түсіндірді

Сырттан келген әртістердің алдында құрдай жорғалау концерттерде ғана емес, жеке кештерде де көрініс табады. Қазақстандық ұйымдастырушылар оларға бірнеше миллион гонорар төлейді. Сондай-ақ, таудай талаптарын да орындайды. Сәкен Майғазиев осы орайда болған оқиғаны баяндап берді. Бірде шетелдік әнші өзіне лимон дәмі қосылмаған қорқор әкелмейінше, сахнаға шықпаймын деп қорқытқан екен.

"Әлгі әншінің райдерінің ішінде қорқор  болған. Қорқор  деп отырғаным кальян. Бір уақытта даяшылар оған қарбыз дәмі қосылған қорқор алып келеді. Сонда шетелдік әнші "Менің райдерімде лимон дәмі қосылған қорқор болуы керек деп жазылған. Келісімшартты бұздыңдар. Мен сахнаға шықпаймын" деп төрт табандап жатып алған. Сол жерде қазақстандық ұйымдастырушылар жүгіріп жүріп айыппұлын төлеп, лимон қосылған қорқорын әкеліп берген. Жұлдыз осыдан кейін ғана сахнаға шыққан. Қандай сорлылыққа түсіп кеттік?! Мен осы нәрсеге таңғаламын", — деді әнші.

Әрі қарай Майғазиев қазақ әншілерінің дәл бұлай еркелей алмайтынын айтып ашынды. Тіпті, су сұраса тілегін орындамайтын ұйымдастырушылар болады екен.

"Ал қазақ әншілері жәй су сұраса бастары бәлеге қалады. Ұйымдастырушыларға барып "Маған кофе беріңіз" деп айтып көріңіз, "Өзің үйден тамақ ішіп келмейсің бе?!" деп жауап қайтарады. Ауылдағының аузы сасық деген сөз бар. "Ертерек келіп отырсын, бастысы ақшасын төлеп қойдық" дейді отандық әншілерге. Ал шетелдіктердің туфлиін жалап, әспеттеп, не айтса, соны орындайды. Былайынша айтқанда құйыршық болып жүргеніміз ұят нәрсе", — деді Сәкен Майғазиев.

Мейрамбек Бесбаев пен Сәкен Майғазиев - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Сәкен Майғазиев Жәзираның Жанболаты екеуі кімнен таяқ жегенін айтты

Тағы бір әнші Ердос Қанаевтың айтуынша, қазақстандық әртістер мұндай райдерді тіпті армандай алмайды. Олар халықаралық деңгейдегі концертке қатысқандарына мәз.

"Қазақтың әншілері мұндайды қайтіп айтсын?! Мысалы, мұндай концерттерге біреуі іліксе, екіншілері ілікпей қалып жатады. Әрине, Роза секілді апайларымыздың бәрі жағдайын жасайды. Десе де, мұның барлығы бізде шоу-бизнестің кенжелеп қалғаны деп ойлаймын. Бұл жерде біреуді кінәлағым келіп тұрған жоқ. Тек бізде шоу бизнес жақсылап дамымаған", — деді Ердос Қанаев.

Ал Сәкен Майғазиев бұл нәрсеге қазақтың өзін кінәлайды. Айтуынша, қазақ әншілерін кемсітетін ұйымдастырушылармен де жолыққан.

"Мұның бәріне біздің тапсырыс берушілер мен продюсерлер кінәлі. Мысалы, Ресейдің танымал әншісін шақыру үшін 50 мың еуро төлейтін кездері болады. "Жарайды, шақырайық, алдырайық" дейді. Ал Америадан алдырсақ қанша болады екен? Бағасын естісе, "а, қымбаттау" дейді. Амал жоқ Қазақстандағы концерттерге ауылдан ағайын-туысқан, кемпір-шалдар келеді. Яғни мұндайда "Музарт" секілді топтарды шақырады. Сонда гонорарымыз 5 мың доллар екенін естігенде "Бұларға не жоқ?" деп айтады екен", — деді әнші.

Тағы бір қазақстандық әнші Мәдина Сәдуақасова керісінше шетелдіктерден құрметімізді аямауды сұрайды. Айтуынша, өздерін де шетелдіктер ерекше ықыласпен қарсы алып, райдерде жазылған келісімнен де артық қошемет көрсетеді екен.

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Әнші Димаш Құдайберген кәсіпкерлікке бет бұрды

"АҚШ мемлекетіне концерт қою үшін барғаным есімде. Сол кезде олардың өнер адамына ерекше құрмет көрсететіндерін байқадым. Мысалы, Моңғолия еліне де барған едім. Ол жақтың адамдары сондай қарапайым. Олар, тіпті, сенің райдеріңде жазылған талаптардан да асып түскісі келіп тұрады. Сол секілді Түркия елінде де "санаджи" деп асты-үстіңе түсіп жатады. Менің ойымша, бұл нәрсе барлық елде бар. Оған ренжіп жатудың еш қажеті жоқ деп ойлаймын", — деді Мәдина Сәдуақасова.

Жуырда танымал продюсер Алуа Қонарова керісінше қазақстандық ұйымдастырушылардың құрбаны болған екен. Сол себепті ол Мәдина Сәдуақасованың пікірімен келіспейді. Ашуға мінген ол қазақстандық жұлдыздарды шетелдік әншілермен қатар қойып, құрметтеуді сұрады. Ал бұлай болмаған жағдайда, жобалары еш шақыртуға бармайтынын айтып қорқытты.

"Қымбатты концерт ұйымдастырушылары, қазақ әртістерінің дайындығына шетелдік жұлдыздардікімен бірдей уақыт бермесеңіздер, менің жобаларым сіздердің кештеріңізге қатыспайды. Сахна ортақ. Олардың райдері мен талаптарын қалай орындасаңыздар, біздікіне де солай қараңыздар. Өзіміздің жұлдыздарды төмендеткенді қою керек. Өз бойларыңыздағы комплекстеріңізбен күресіңіздер. Біз шетелдіктердің кіші інісі емеспіз. Оларға иілуге міндетті емеспіз", — деді Алуа Қонарова.

Ал, Сіз құрметті оқырман, бұл жағдайға қатысты не дейсіз? Қазақстандық концерттерге қыруар ақша төлеп шетелдік жұлдыздарды шақырған дұрыс па?

Жаңалықтар
0