Мәдениет

Сәкен Майғазиев Жәзираның Жанболаты екеуі кімнен таяқ жегенін айтты

© PhotoМейрамбек Бесбаев пен Сәкен Майғазиев
Мейрамбек Бесбаев пен Сәкен Майғазиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әнші студенттік шағындағы қызықтармен бөлісті

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Сәкен Майғазиев Жәзираның Жанболатымен жолдас болып жүріп, талай таяқ жеген. Бірде он шақты жігіт екеуін қан-жоса етіп сабап тастапты. Ал, Марат Оралғазин, жатақханадағы қыздардың балконына өрмелеймін деп, бесінші қабаттан құлап жазым бола жаздаған. Халықаралық студенттер мерекесіне орай әртістер "Ревю" бағдарламасында  өз естеліктерімен бөлісті. 

NINETY ONE - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Артық әңгімені қойыңыздар!": Ninety one әншісінің ата-анасы Сәкен мен Мейрамбекке ашық хат жазды

"Бір күні Жанболат екеуміз отырсақ, басқа бөлменің есігін тақылдатып әкетіп бара жатыр. Сыртқа шықсақ бір жігіттер топырлап қыздардың есіктерін теуіп жүр екен. Жанболат екеуміз "ей, сендер кімсіңдер" деп білегімізді түріп барып, содан быт-шыт қып сабағаны бар ма?! "Физкультурныйдың" жігіттері аямай, көк-ала торғайдай қып сабады екеумізді. Қайдан білейін, Жанболаттың күшіне сендім ғой мен", — деп әңгімеледі "Музарт" тобының әншісі Сәкен Майғазиев. 

Сәкен Майғазиевтің таяқ жеуінің бас-аяғы бұл емес. Студенттік досы Жанболат Ербатыровпен жүріп, қан-жоса төбелестің талайын көрген екен. 

"Жанболаттың туған күнінде міндетті түрде төбелес болатын. Бір күні "Жанболат, еш жерде тойламаймыз, өзіміз жатақханада отырайықшы, екі жыл қатарынан төбелес болып келе жатыр ғой, енді осы үшінші жылы өзіміз ғана отырайықшы" деп шештік, бірақ өз-өзімізбен төбелесіп қалғанбыз", — деп еске алды студенттік шағын Сәкен. 

Жеті жыл бойы Қазақ Ұлттық университетінің үздік әрі белсенді студенті болған Марат Оралғазиннің де "бүлдіргені" көп.

"11-ден кейін жатақханаға кіргізбейді. Төсек жамылғысымен 5-ші қабатқа көтеріліп, қыздармен түні бойы гитара ойнап, ән айтамыз. Қауіп емес, керісінше адреналин ғой", — деп еске алды актер. 


Жаңалықтар
0