Әлем

Қант арықтауға көмектеседі - ғалымдар

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуҚант
Қант - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зерттеушілер адамның артық салмақ қосып алуын микрофлорамен байланыстырды

АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. Ғалымдардың айтуынша, манноза қанты артық салмақпен күресуде таптырмас құрал. Бірақ, ол кері әсерін тигізбеуі үшін оны адам бала күнінен бастап қолдануы тиіс. Осылай қорытында жасады тышқанға тәжірибе жүргізген Америка ғалымдары. Олардың зерттеу жұмысы Cell Reports журналында жарияланды. 

Ғашықтар көл жағасында жүріп келеді - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар қандай адамның бұрынғы сүйіктісін аңдитынын айтты

Ағзадағы зат алмасудың дұрыс жүруінде адам микрофлорасы үлкен рөл ойнайды. Сол себепті, ғалымдар адамның артық салмақ жинап алуын осы метаболизммен байланыстырады.

Тәжірибе жұмысы барысында ғалымдар тышқандардың ішегіне "сау" микрофлораларды енгізу арқылы олардың салмағын кемітуге болатынын анықтады. Әдетте арық адамдарда микрофлорасы әртүрлі әрі бай болса, олардың ішегінде майлы тағам салдарынан бактериялар көбейеді. Бұл бактериялар өз кезегінде салмақ қосу процесін жылдамдатады.

Осы орайда америкалық ғалымдар микрофлораны қайта "бағдарламалап", оның майлы тағамға қарсы тұра білу қасиетін арттырудың жолын тапты. Бұл үшін қантты маннозамен алмастыру қажет. Яғни манноза құрамы глюкозаны алмастыра алатындай болуы тиіс.

Ғалымдар кішкентайынан манноза жеген тышқандардың артық салмаққа шалдықпайтынын анықтады. Олар маннозаның адам ағзасына дәл осылай әсер ететініне сенімді.

 

 

Жаңалықтар
0