Әлем

Ғалымдар қандай адамның бұрынғы сүйіктісін аңдитынын айтты

CC0 / sasint / Ғашықтар көл жағасында жүріп келеді
Ғашықтар көл жағасында жүріп келеді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандардың айтуынша, бұл адамдар сырт көзге бақыттырақ болып көрінуге тырысады

АСТАНА, 16 қыркүйек — Sputnik. Іштей өзіне сенімсіз жандар "фейсбук" желісі арқылы бұрынғы сүйіктілерін аңдып отырады. Сондай-ақ, олар әлеуметтік желі арқылы өздерінің әлдеқайда бақытты екендерін көрсетуге тырысады. Яғни, шын мәнінде, олар іштей өздерін бақытсыз сезінеді. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды.

Диета ұстау, тамақ - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар ашығудың қандай пайдасы бар екенін анықтады

Зерттеу жұмысын NUI Galway психология мектебінің мамандары жүргізді. Олардың айтуынша, өздеріне сенімсіз және депрессияда жүрген адамдар бұрынғы сүйіктілерін әлеуметтік желіде аңдып отырады.

Мамандар 717 ересек қолданушыдан "фейсбук" желісінде анкета толтыруды өтінді. Кейін зерттеу нәтижесін BMC Psychology журналында жариялады. Сондай-ақ, мамандар іштей қатты мазасызданып жүрген жандардың өздерін өзгелермен салыстыруға бейім екендерін айтып өтті.

Бұдан өзге адамдардың сырт көзге жақсы болып көрінуіне "фейсбуктің" мүмкіндік беріп отырғаны айтылды. Яғни өзіне берер бағасы төмен жандар әлеуметтік желіде өздеріне қатысты ақпаратты тым әсірелеп жазған болуы мүмкін.

 

 

Жаңалықтар
0