Әлем

Ғалымдар ашығудың қандай пайдасы бар екенін анықтады

CC0 / stevepb / Диета ұстау, тамақ
Диета ұстау, тамақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Адам тамақты аз ішу немесе мүлдем ішпеу арқылы рак пен Альцгеймер секілді аурулардың алдын алады

АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Джорджия штатындағы университеттің ғалымдары адам тамақ ішпеген кезде ағза бөліп шығаратын химиялық заттардың теріні жасартатынын және жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартуға көмектесетінін анықтады. Бұл туралы EurekAlert! таратқан хабарламада жазылды. 

Әйел сыра ішіп тұр - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сыра көп ішетін әйелдерге мұрт өседі - ғалымдар

Мамандар β-гидроксибутираттың қартаю процесіне қалай әсер ететінін анықтады. Бұл заттар бауырда майлы қышқылдардың бөлінуінен пайда болады. Ал майлы қышқылдар әдетте физикалық жаттығу жасағанда, диета ұстап, калориясы аз тағамдарды тұтынған кезде бөлініп шығады. Нәтижесінде осы құбылыс қартаюдың алдын алады. 

Сондай-ақ, ғалымдар бета-гидроксимаслянды қышқыл эндотелиалды жасушалардың жасаруына тікелей әсер ететініні дәлелдеді. Бұл өз кезегінде қан айналымы жүйесі мен лимфа тамырларының жұмысын жақсартады. 

β-гидроксибутират спецификалық ақуызбен байланысып, Oct-4 транскрипционды факторының белсенділігін арттырады. Осының нәтижесінде тамыр құрауыштары жаңарып отырады. 

Ғалымдар болашақта бұл құбылысты дәрі-дәрмектің көмегімен жүзеге асыруға болатынына сенімді. Бұл жүрек-қан тамырлары ауруларының ғана емес, Альцгеймер және рак ауруларының алдын алады. 

Жаңалықтар
0