Қоғам

Астананың жаңа әкімі жұмысына жаяу баратынын айтты

© Photo : Служба центральных коммуникацийБақыт Сұлтанов
Бақыт Сұлтанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Бақыт Сұлтановтың айтуынша, таңертең әкімдікке жаяу барған кезде, қала көшелеріндегі кемшіліктерді байқауға мүмкіндік бар

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Астананың жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов бұрынғы әкім қабылдаған прогрессивті идеяларды қолдап, оларды әрі қарай дамытатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бақыт Сұлтанов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Астана қаласының жаңа әкімі тағайындалды

"Мен бұрын да жұмысқа жаяу баратын едім, қазір де үйім жақын болғаннан кейін, біраз айналып бару қажет болды. Бұл жаңа жұмысыма көп көмегін тигізіп отыр, әрине. Өйткені көшелерді аралаған кезде, біраз кемшілікті байқайсың. Содан кейін әкімдікте қызметкерлерге тиісті тапсырмалар бересің. Ал күндіз, мәселен үкіметке келген кезде таксиге отырамын", — деді Сұлтанов үкімет кулуарында.

Оның айтуынша, бұрынғы әкімдік қабылдаған прогрессивті идеяларды тоқтатуға болмайды, керісінше жалғастыру керек.

"Сондықтан алғашқы міндеттерімнің бірі жаңа инновациялық, креативті идеяларды тоқтатпай, оларға әрі қарай жол ашып, нақты нәтижелерге қол жеткізу деп ойлаймын", — деді Астана әкімі.

Еске сала кетсек, президенттің жарлығымен 11 қыркүйек күні Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін шенеунік қаржы министрлігін басқарған болатын. Ал елорданың экс-әкімі Әсет Исекешев ҚР президенті әкімшілігінің басшысы болды.

Жаңалықтар
0