Саясат

Астана қаласының жаңа әкімі тағайындалды

© Photo : Служба центральных коммуникацийБақыт Сұлтанов
Бақыт Сұлтанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бақыт Сұлтанов Президент әкімшілігінің жетекшілігіне тағайындалған Әсет Исекешевтің орнына келді

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Астана қаласының жаңа әкімі болып ҚР Қаржы министрі қызметін атқарған Бақыт Сұлтанов тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды", — деп хабарланған Ақорданың твиттердегі парақшасында. 

Бақыт Сұлтанов 1971 жылы 29 қарашада дүниеге келген. Қазақ ұлттық техникалық университетін "Робототехникалық кешендер мен жүйелер" мамандығы бойынша тәмамдаған, сонымен бірге Қазақ мемлекеттік басқарма академиясын "Бизнес және менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.

Әсет Исекешев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Әсет Исекешев туралы не білеміз?

Еңбек жолын 23 жасында қаржы министрлігіндегі бөлімнің бас экономисті ретінде бастады. Қаржы және экономика министрлігінің құрылымдарында және статистика бойынша агенттікте басқарушы лауазымдарын ат қарған. 2010-12 жылдары президент көмекшісі болып, кейінірек Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне келді. 2013 жылы қарашада қаржы министрі атанып, кейін тағы бірнеше рет қайта тағайындалды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлейді. Әскери шені – запастағы лейтенант. "Парасат" орденімен, мерейтойлық медальдермен марапатталған, президент пен премьер-министрдің алғыс хатын, Қазақстан қаржы министрлігінің алғысын алған.

Жаңалықтар
0