Қоғам

Астанада жерасты трамвай мерзімінен бұрын іске қосылуы мүмкін

CC0 / MichaelGaida / Жерасты трамвай
Жерасты трамвай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сұлтанов әуежай мен жаңа теміржол вокзалы арасында қатынайтын жеңіл рельсті көліктің қашан іске қосылуы мүмкін екенін айтты

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Астанада жеңіл рельсті көлік (ЛРТ) 2020 жылы іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы елорда әкімі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Наталья Пекничтің соты - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодарда екі оқушыны қағып кеткен трамвай жүргізушісі сотталды

"Жоспар бойынша негізгі жұмысты 2019 жылдың соңына қарай аяқтауымыз керек. Сынақты бастап, жылжымалы құрамды іске қосуымыз қажет. Бұл айтарлықтай қиын міндет, бүгінде біз процесті жеделдету үшін тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз", — деді ол үкімет кулуарында.

Сұлтанов әкімдік алдында 2020 жылы жолаушылар тасымалын бастау міндеті тұрғанын атап өтті.

"Біз 2020 жылы іске қосылады деп жоспарлап отырмыз. Алдымызда осындай міндет тұр, мен оны орындауға міндеттімін, әрине", — деді Сұлтанов.

Маусым айында өткен үкімет отырысында ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов жеңіл рельсті көлік 2021 жылы пайдалануға берілетінін мәлімдеген еді.

Жерасты жеңіл рельсті трамвай елорда әуежайы мен "Нұрлы жол" жаңа теміржол вокзалы арасында қатынайды.

Жаңалықтар
0