Өңірлер

Павлодарда екі оқушыны қағып кеткен трамвай жүргізушісі сотталды

© Sputnik / Василий ГолышкинНаталья Пекничтің соты
Наталья Пекничтің соты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел соттағы соңғы сөзінде бас бостандығынан айырмауды сұрады

АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Павлодар қаласының №2 сотында апалы-сіңлілі екі қызды қағып кетіп, біреуін мерт қылған отыз жастағы трамвай жүргізушісі Наталья Пекнич екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.    

сот отырысы, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Айыптаушы екі оқушы қызды басқан трамвай жүргізушісін 2,6 жылға соттауды сұрады
"ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімінде қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, бес жыл мерзімге көлік құралдарын басқаруға қатысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза белгіленсін", — деп сот үкімін оқыды Думан Серікбаев.

Сотталушыға сонымен қатар сот шығындарын өтеу міндеттелді. 

"Мен зардап шегуші тараптан тағы да кешірім сұраймын. Ештеңені түзете алмайтынымды түсінемін, алайда мен шын өкініп тұрмын, мені бас бостандығымнан айырмауыңызды сұраймын. Менің де кішкентай қызым бар", — деді Наталья Пекнич соңғы сөзінде. Алайда сот оның өтінішін қанағаттандырмады.   

 Естеріңізге сала кетейік, жол-көлік оқиғасы 7 қыркүйек күні сағат 07.43-те Ломов және Катаев көшелерінің қиылысында болды. Тоғыз және сегіз жастағы екі қызды трамвай қағып кетті. Қыздардың үлкені көз жұмды, кішісі ауыр халде ауруханаға жатқызылды.    


Жаңалықтар
0