Мәдениет

Самал Еслямова: Мені Мәскеу жақсы қабылдады

© Sputnik / Тимур БатыршинСамал Еслямова Almaty Film Festival ашылуында
Самал Еслямова Almaty Film Festival ашылуында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Самал Еслямова мен "Айка" фильмінің ұжымы түсірілімнің қалай өткенін айтып берді

АЛМАТЫ, 16 қыркүйек — Sputnik, Айгерім Таубай. AYKA фильмінде басты рөлді сомдаған қазақстандық актриса Самал Еслямова түсірілім барысында қаншама күн ұйықтамай жүргенін, әр күнді жоспарлағанын айтты. 

І Халықаралық Almaty film festival кинофестивалі аясында алматылықтар мен қала қонақтары "Айка" фильмін тамашалаған еді. 

Фильмнің режиссері – Сергей Дворцевой. Ал сценарий авторы – Геннадий Осторвский. Продюсер  — Гулнәр  Сәрсенова. 

"Басты рөлді сеніп тапсырғаны үшін режиссерға көп рахмет"

"Ең алғаш Сергей  фильмнің сценарийін көрсеткен кезде маған ұнады. Себебі бұл фильм ана мен баланың арасындағы жақындық пен махаббат жайында болатынын айтты. Менің әзірге балам жоқ, Аллаға шүкір анам бар. Мен Мәскеуге оқуға кетер кезде анамның шығарып салғаны, құрақ ұшып жағдайымды жасағаны, бәрі-бәрі есімде. Сол кезде ана мен баланың байланысы  қатты сезілетін. Бұл тақырып маған қызық болды.  Маған осы рөлді сеніп тапсырғаны үшін режиссерға көп рахмет",  — деді өз сөзінде Самал Еслямова.

Кинотаспа. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Нұрлан Санжар: Самал Еслямова марапатты ресейлік актриса ретінде алды

Ал фильмнің продюсері Гүлнәр Сәрсенованың айтуынша, Сергей Дворцевоймен жұмыс істеп жүргеніне 12 жыл болған.

"Фильмде продюсердің еңбегі көріне бермейді. Сергеймен 12 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Сергей Дворцевой секілді талантты режиссерлар қазір аз. Дворцевой хронологиялық ретпен жұмыс істейді. Қазіргі режиссерлар мұны түсінбеуі мүмкін, себебі бір айда фильм түсіріп, ақша табуды ойлайтындар көп. Ал  "Айка" фильмінің түсірілімі кезінде теңге құлдырады, сондықтан маған қиын болды. Сол себепті қытайлық продюсерлерді қостық", — дейді Гүлнәр Сәрсенова. 

Режиссердің айтуынша, фильм бір ұлтты өзге ұлттан артық немесе кем етіп көрсетуді көздемейді.

© Sputnik"Айка" фильмінің ұжымы баспасөз мәслихатында
Айка фильмінің ұжымы баспасөз мәслихатында - Sputnik Қазақстан
"Айка" фильмінің ұжымы баспасөз мәслихатында

"Біз әр күн сайын түсірілімнің алдында жоспар құрдық, бір-бірімізбен ақылдастық. Содан кейін ғана түсірілімге кірістік. Барлық эпизод алдын ала дайындықтан өткен соң ғана түсірілді. Қырғыз қыздың Мәскеудегі тағдырын екі сағатқа сыйдыру керек болды. Ол үлкен еңбекті талап етеді", — деді режиссер.

"Айка" фильмі  Мәскеудің Орта Азия халықтарын қалай қабылдайыты жайында. Ал мені Самал Еслямованы мәскеу жақсы қабылдады", — дейді Самал Еслямова.

Almaty Film Festival кинофестивалі

Бүгін Алматыдағы Республика сарайында І Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалінің салтанатты ашылуы болды. Кешке алыс-жақын шетел мен отандық кино саласының жұлдыздары қатысты.

Самал Еслямова - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Самал Еслямова жаңа қазақ сериалына түсіп жатқанын айтты

Олардың қатарында Ақан Сатаев, Настасья Кински, Марк Рускар, Пьер Спенглер, Гулнәр Сәрсенова, Сергей Бодров секілді кино майталмандары бар. Отандық кино саласындағы жұлдыздар қызыл кілеммен жүріп өтті. Олардың қатарында Нұртас Адамбаев, Нұрлан Қоянбаев, Асылхан Төлепов, Тәуекел Мүсілім, Гүлназ Жоланова, Сая Оразғали мен Жания Джуринская, Әсел Сағатова, Айнұр Ильясова, Санжар Мәдиев, Құралай Анарбекова, Дәстен Шәкіров, Әділ Ахмет, Альмра Тұрсын және т.б әртістер бар.

Қонақтардың арасында қазақстандық жазушы әрі кинодраматург Смағұл Елубай да бар. 

Салтанатты жиынға Канн кинофестивалінде жүлде алған отандасымыз Самал Еслямова мен "Айка" фильмінің режиссері Сергей Дворецский мен сценарий авторы, продюсер қатысты. "Айка" фильмінің аяқталған, соңғы нұсқасы алғаш рет көрсетілді.

© Sputnik / Тимур Батыршин"Айка" фильмінің тұсаукесері
Айка фильмінің тұсаукесері - Sputnik Қазақстан
"Айка" фильмінің тұсаукесері

Бұл — қазақстандық киноның жеңісі

Өз сөзінде Сергей Дворецский "Айка" фильмінің толық аяқталған нұсқасы алғаш рет көрсетіліп отырғанын айтты. Канн кинофестивалінде фильмнің аяқталмаған нұсқасы көрсетілген.

Актриса Самал Еслямова - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Канн фестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова туралы не білеміз?

"Қазақ қызы алғаш рет Канн кинофестивалінде жүлде алды. Менің өзім де Шымкенттенмін. 28 жыл Шымкентте тұрғанмын. Сондықтан бұл қазақстандық киноның жеңісі", — деді Дубровский өз сөзінде.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өз сөзінде фестивальдің алғаш рет ұйымдасырылып отырғанын айтып, фестивальді ұйымдастыру барысында түрлі ойдың болғанын айтты. 

"Бүгін –  тарихи күн. Тұңғыш рет мың бояулы қаламызда Алматы кино фестивалі өтіп отыр. Фестивальді өткізерде логотипі мен келетін қонақтар жайында ұзақ ойлаандық. Алматы – тарихи қала. 80 жыл бұрын "Амангелді" фильмі Алматыдан шыққан. Сондықтан фестивальдің дәл осы қалада өтуі – заңдылық", – деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек. 

Сөз соңында қала әкімінің шетелден келген қонақтарға өз алғысын білдірді.

Жаңалықтар
0