Оқиға

Түнгі клуб жанында екі қызды қағып кеткен жүргізушіге 5 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін

© Photo : Рixabay/StockSnapЖүргізуші
Жүргізуші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе бостандығы шектеледі

ПЕТРОПАВЛ, 16 қыркүйек — Sputnik. Петропавлда полиция түнгі клуб жанында екі қызды қағып, қашып кеткен Lexus жүргізушісін іздеп жатыр, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Алматыда Лада Гранта мен Тойота соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда ірі жол апаты болды: зардап шеккендердің арасында үш бала бар

Петропавлда сенбіге қараған түні "Ударник" ойын-сауық орталығы жанында екі қызды көлік қағып кетті. Lexus қатты жылдамдықпен жаяу жүргіншілерді басып кетіпті. Екеуі де ауыр хәлде ауруханада жатыр, біреуі бассүйек-ми жарақатын алып, нейрохирургиялық операция жасалған.

Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеулер басталып кетті.

Айта кетсек, Lexus жүргізушісі 29 жастағы бұрынғы мемлекеттік қызметкер деген сыбыс тараған еді, бірақ кейінірек белгілі болғандай, жол апаты кезінде рөлде басқа адам – жергілікті кәсіпкерлердің бірінің ұлы болыпты.

Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жол апатына ұшыраған көлік 11 жасар қызды басып кетті – оқиға орнында түсірілген видео

ІІД жексенбі күні  хабарлағандай, Lexus жүргізушісі қазір іздеуде.

"Қазір жедел іздеу шаралары жүріп жатыр. Тергеу барысында Lexus жолаушылары, оқиға куәгерлерінен жауап алынды, олардың айтуы бойынша жол апатының мән-жайы анықталды. Жол апаты дерегі бойынша сот сараптамалары тағайындалды", — деп мәлімет берді ведомство баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеулердің материалдары ІІД тергеу бөліміне жіберіліп, ведомство басшылығы бақылауға алды.

Жаңалықтар
0