Өңірлер

Жол апатына ұшыраған көлік 11 жасар қызды басып кетті – оқиға орнында түсірілген видео

Жазылу
Yandex newsTelegram
Жұма күні таңертең Жалайыр даңғылында жантүршігерлік жол апаты болды

ТАЛДЫҚОРҒАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Талдықорғанда мектеп оқушысы жол апатынан зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желідегі "Талдыкорганец" тобында жарияланыпты.

Жол апаты жұма күні таңертең Жалайыр даңғылында болды. Апат салдарынан 11 жасар қыз әртүрлі жарақатпен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Алматы облысының ішкі істер департаменті баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап отыр.

"Жол апатында үш көлік соқтығысқан: Toyota Camry, Toyota Carina және Nissan. Көліктердің бірі сол кезде жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен, ол жансақтау бөлімінде жатыр", - деп түсіндірді ІІД өкілі Көбей Нұрахмет.

Жол апаты дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0