Спорт

Головкин кәсіби бокста алғаш рет жеңіліс тапты

Жазылу
Yandex newsTelegram
Үш төрешінің екеуі жеңісті "Канелоға" берді

АСТАНА, 16 қыркүйек — Sputnik. WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин карьерасында алғаш рет жеңілді. 

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
HBO комментаторы: Головкиннің карьерасы емес, өмірі қыл үстінде тұр

Бұл жекпе-жекте Головкин барлық белбеуін конға салған еді. "Канело" Головкиннің белбеулерін алып қана қоймай, WBC белбеуін және The Ring титулын жеңіп алды. Кейінгісін журнал бір кездері Альварестен тартып алған-ды.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен "Канелоның" алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 15 қыркүйегінде өтті. Аталған жекпе-жекте екеуі тең түсіп, Головкин өз белбеулерін қорғап қалды. Кейін реванш 2018 жылдың 5 мамырына жоспарланды. Алайда жекпе-жек бұл жолы да өтпеді. Сауль Альварестің қанынан допинг табылуы салдарынан қазақстандық спортшының қарсыласы ауысты. 

 

Жаңалықтар
0