Қоғам

Туысы зорлаған әйелдің кемтар қызы анасының басынан кешкен қорлығын айтып берді

CC0 / nactive account – ID 5295902 / Оқушы қыз теріс қарап отыр
Оқушы қыз теріс қарап отыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел өзін зорлаған туысынан бір қолы жоқ бала туды

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. 29 жасында жесір қалған әйелді туысқаны зорлайды. Осы жағдайдан кейін әйелдің аяғы ауыр болып қалады. Алайда туыстары оған дәрігерге барып түсік жасатуға және полицияға барып шағымдануға кедергі жасайды. Ақырында ол дүниеге кемтар бала алып келеді. Бұл туралы толығырақ әйелдің қызы Қазақстан арнасындағы "Қарекет" бағдарламасында баяндап берді.

Қыз жылап отыр - Sputnik Қазақстан
Психоаналитик: Қазақстанда педофилдер қалаға қарағанда, ауылда көп

Бүгінде "Не молчи" қоғамдық қорының баспасөз хатшысы болып жүрген Йоханна Ақбергенова бір кездері анасының басынан өткерген жайсыз жағдай туралы айтып берді. Десе де, ол педофилдерді жазаламай, оларға психологиялық көмек көрсету керектігін айтады.

"Психолог Анна ханым айтқандай, педофилия дегеніміз ауру. Адамның бұл ауруға шалдыққанын білсек, оларға емделуге көмектесуіміз қажет. Бірақ, балаларды зорлағандар арасында есі дұрыс азаматтар да бар екенін ұмытпайық. Сау адам мен ақыл-есі кемді ажырата білейік. Сондай-ақ, бұл жағдайда кастрация көмектеспейді деген пікірдемін. Өйткені, кейбір қылмыскер оның күшін қайтару үшін антипрепарат тауып алады. Ал бұл өндірілетін нәрсе. 2015 жылдан бастап балаларға зорлық көрсеткен педофилдер 15 жылға бас бостандықтарынан айырылады деген заң шықты. Олар кешірімге де ілікпейді деп айтқан-ды. Алайда осы жолмен темір тордан мерзімінен бұрын босатылғандар жетерлік", — деді ол.

7 жасар бала мен оны зорлағандар мектепке барды

Әрі қарай Йоханна Ақбергенова өзі істейтін ұйымдағы азаматтардың жеке тарихтары туралы айтты. Олардың барлығы дерлік бір кездері зорлық-зомбылық көрген жандар екен. Осы орайда, әкесі туысқан ағасы болғандықтан, бүгінде кемтар болып отырғанын жеткізді.

"Мұндай жағдай менің өзімнің де басымнан өтті. "Не молчиде" жұмыс істейтін әйелдер де, ер адамдар да өмірде зорлық көрген жандар. Бұл туралы айтқан кезде қиналамын, ұяламын және қысыламын. Бірақ қанша ауыр болса да, осы нәрсе айтуға тұрады деп ойлаймын. Өйткені, басымыздан өткен қиындықтар өзге жұртқа сабақ болуы керек деп ойлаймын", — деді ол.
Бұдан кейін Йоханна анасына өзін зорлаған азаматты заңмен жазалауға кімдер кедергі жасағанын баяндады.

Ер адам - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте зорланған баланың әкесі қайтыс болды

"Менің анамды 29 жасында туысы моланың басына апарып зорлап кеткен. Осы жағдайдан кейін анам маған жүкті болып қалады. Көпке дейін анам ер адамдардан қорқып, қашып жүреді. Өйткені, отбасылық өмірде күйеуінен көп азап көрген. Жесір болғаннан кейін де екінші рет тұрмысқа шықпауға ант етеді. Тіпті, мені туғысы келмей, түсік тастамақ болған екен. Алайда туған-туыстарым әлгі адам жақындары болғандықтан, полицияға баруға рұқсат бермеген. Шешемды ұрып-соғып, қамап тастаған. Өмірден көрген азабы аздай, әке-шешесі, аға-әпкелері осындай қарым-қатынас танытқан. Сөйтіп 1991 жылы перзентханада мені босанды. Бүгінде менің бір қолым жоқ, кемтар болып тудым. Шыны керек, осындай тақырыптарды көп жерде көтере бермейді. Көтергенін әлі кездестірген жоқпын. "Не молчиге" қаншама адамдар келіп жатыр. Олардың арасында сауалнама жүргізіп, 30%-інің кемтар бала туғандарын анықтадық", — деп аяқтады сөзін бойжеткен.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2015 жылы педофилия бойынша 711 іс қозғалды. 2016 жылы 266 қылмыс тіркелген. Ал былтырғы жылдың 9 айында осы баппен 281 адам істі болған. Соңғы бес жылда Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облысы мен Шығыс Қазақстанда педофилдер көп тұтқындалған. Бір Алматы облысының абақтыларында 89 азғын өз жазаларын өтеп жатыр.

Жаңалықтар
0