Өңірлер

Қордай ауылын үрейде ұстаған қанды қол қылмыскерлер ұсталды

© AP Photo / Scott EisenКісен салынған адам, архивтегі фото
Кісен салынған адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарақшылық шабуыл салдарынан ауыл тұрғыны көз жұмды, күдіктілер қылмыс жасағанын мойындады

АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысының Қордай ауданында қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 3 адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер департаментінің басшысы, полиция полковнигі Арман Оразалиев брифинг кезінде мәлімдеді.  

Қарақшылық - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Әйелді байлап, қару кезеген: Түркістан облысы тұрғынының үйіне қарақшылық шабуыл жасалды

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері ауқымды жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмысқа қатысы бар үш адамды ұстаған. Олардың екеуі бұрын сотты болған Қордай ауданының тұрғыны болса, біреуі Алматы қаласының тұрғыны. Соңғы жарты жылда барлығы Алматыда тұрғаны анықталды, деп жазды ZhambylNews.

Күдіктілер "Хонда City" маркалы автокөлікпен жүрген. Ұсталғандардан заттай айғақтар (қобдиша, жапа шеккендердің банкомат карточкалары, мобильдік байланысты төлеу карточкалары) табылған. Олар қылмыс жасағанын мойындаған.  

Еске сала кетейік, осы жылдың 20 шілдесінде шамамен кешкі сағат тоғыз жарымның кезінде Қордай ауылында қарақшылық шабуыл жасалды. 1950 жылы туған В.И.Бойконың үйіне бет перде киген екі адам басып кіріп, үй иесі мен әйелі Л.И.Милидиді ұрып-соғып, байлап, 100 мың теңге, 500 еуро және екі "Халық банкінің"  карточкасын қолды еткен. Алған ауыр жарақатының салдарынан В. Бойко 4 тамызда Бішкек қаласындағы "Меди ЛТД" жеке клиникасында көз жұмды.

 

Сонымен қатар, қылмыс болған түні шамамен сағат 03:30-да бет перде киген екі адам Уалиханов көшесінде тұратын Н.Н.Ничипуренконың үйінің терезесін бұзып, ішке енген.

Қылмыскерлер үй иесінің 100 мың теңгесін, алтын бұйымдары мен "Халық банкі" карточкасын алып кеткен.


Жаңалықтар
0