АСТАНА, 30 маусым — Sputnik. Түркістан облысы тұрғынының үйіне қарақшылық жасаған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik өңірлік ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.
Қарақшылық шабуыл былтыр тамызда болған. Полицейлер анықтағандай, үйге белгісіз біреулер басып кіріп, үй иесі мен туыстарын байлап, қарумен қорқытқан. Сосын сейфтегі ақша мен басқа да құнды заттарды алып кетеді. Келтірілген зиянның жалпы сомасы алты миллион теңге.
Күдіктілердің бірі ұсталып, 12 жылға сотталды. Қалғандары әлі іздеуде.