Спорт

"Есек есек болып туады". "Канелоның" бапкері Головкинге тағы тіл тигізді

© AFP 2024 / Frederic J. BrownГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
GGG - "Канело" қарымта жекпе-жегі Астана уақытымен 16 қыркүйекте өтеді

АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің менеджері әрі бапкері Хосе "Чепо" Рейносо қазақстандық Геннадий Головкинге тағы да тіл тигізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин мен Канело - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин – "Канело" бокс кеші үлкен шығынға ұшырады

Бұдан бұрын үлкен Рейносо Головкин рингте ойланып жұдырықтасуды білмейді, қарабайыр стильді пайдаланады деп мәлімдеген болатын.

"Абель (Санчес, GGG-дің бапкері — ескерт.) "Канело" рингте жүгіріп қашып жүрді деп үнемі айтады. Біріншіден, рингте жүгіріп жүру мүмкін емес, шаршы алаңда "қалықтап" қана жүресің. Головкин алдын орай алмаса, өз обалдары өзіне. Әйтпесе, қарсыласын тырп еткізбей қоюға болады. Есек "бейнеттену" үшін есек болып туады. Головкин басың-көзің демей алға ұмтыла беретін боксшы. Оны алғаш көргенімнен бері еш өзгерген жоқ. Бірақ жеке тұлға ретінде айтарлықтай өзгерді. Ал Сауль туралы айтар болсам, 2011 жылғы "Канелодан" қазір анағұрлым мықты", — деді бапкер Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, қазақстандық жанкүйерлер бұл кездесуді 16 қыркүйек күні сағат 08:00 мен 08:30 арасында тамашалайды.

Жаңалықтар
0