Спорт

Головкин – "Канело" бокс кеші үлкен шығынға ұшырады

Жазылу
Yandex newsTelegram
15 қыркүйектегі бокс кешіне әлем чемпионы Сесилия Брехустың қатыспайтыны белгілі болды

АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik.  Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) — Саул Альварес (49-1-2, 34 КО) бокс кешінің андеркардында өзгеріс болды, деп хабарлады Sports.kz. 

Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Бұрынғы әлем чемпионы GGG-"Канело" жекпе-жегінде кім жеңгенін айтты

Бұл шоудың аясында орта салмақта абсолютті әлем чемпионы Сесилия Брехустың (34-0, 9 КО) жекпе-жегі жоспарланған еді, алайда норвегиялық бұл ірі шараға қатыспайтыны хабарланды.

Boxingscene.com сайтының мәліметінше, Брекхустің жекпе-жектен бас тартуына лайықты қарсылас таба алмауы себеп болған көрінеді. Boxrec.com сайтында соңғы рет оған қарсылас ретінде Александра Магдзяк Лопестің (18-4-3, 1 КО) есімі аталды. Сесилия жыл соңына дейін рингке оралады деп болжануда, ол Нью-Йоркте өнер көрсетеді.  

Естеріңізге сала кетейік, Головкин- "Канело" рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да өтеді. Оған букмекерлік кеңселердің бірі мынадай коэффициенттер ұсынып отыр: Головкиннің жеңісі – 1,6, Альварестің жеңісі – 2,69, тең нәтиже – 23.


Жаңалықтар
0