Спорт

Бұрынғы әлем чемпионы GGG-"Канело" жекпе-жегінде кім жеңгенін айтты

© Photo : Kokeshi75Бокс қолғабы
Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рональд Райт алғашқы жекпе-жекте Головкин жеңіске жетті деп есептейді, бірақ "Канело" да осал боксшы емес

АСТАНА, 21 тамыз — Sputnik. Бұрынғы әлем чемпионы Рональд "Винки" Райт орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жекте кімге жанкүйер болатынын айтты, деп жазды prosports.kz сайты. 

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Танымал сарапшы Головкиннің үш кемшілігін атады

"Өте тартысты жекпе-жек көреміз деп үміттенемін. Өзім GGG-ге жанкүйер болам. Бірақ, "Канело" да мықты боксшы. Менің ойымша, бірінші жекпе-жекте Головкин жеңіске жетті", — деді Райт ThaBoxingvoice-ге берген сұқбатында. 

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін танымал спорт сарапшысы Стивен Эдвардс Головкиннің үш кемшілігін атап көрсеткен еді.

Санчестің Головкинге қатысты мәлімдемесі бокс жанкүйерлерін алаңдатып қойды  

"…Біріншіден, боксшы қарсыласының контрпанчтеріне бола белгілі бір соққылар жасағысы келмеді. Екінші — бұл соққылар дәл тимеді. Үшінші — жекпе-жек қарқынын бәсеңдеткісі келді. Бұған "Канелоның" контрпанчтері себеп болуы мүмкін", — деп жазды BoxingScene.com порталының сарапшысы.

Бұрынғы әлем чемпионы Головкин – "Канело" рематчында кім жеңетінін айтты  


Жаңалықтар
0