Саясат

Қазақстанда Қытаймен сауданы дамыту үшін қандай жолдар жөнделіп жатыр?

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуЖолдар
Жолдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елімізде Қытайға шығатын Қалбатау-Майқапшағай, Үшарал-Достық, Таскескен-Бахты жобалары қолға алынған

АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек "2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында автокөлік жолдарын дамыту туралы баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Саясат
"Қытай біздің саудадағы ірі серіктесіміз". Назарбаев бейнеүндеу жолдады

Министрдің баяндамасына сүйенсек, қазіргі таңда Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық-Батыс дәліздерінің реконструкциясы жүріп жатыр. 

"Орталық-Оңтүстік дәлізі бойынша Астана-Теміртау (171 км) және Алматы-Қапшағай (104 км) учаскелерінде қозғалыс ашылды. Биыл Теміртау-Қарағанды (14 км) учаскесіндегі қозғалысты ашамыз. Қарағанды қаласының айналма жолы мен Құрты-Бурылбайтал учаскесінде жұмыстар жүріп жатыр",- деді Қасымбек. 

Сондай-ақ Орталық-Шығыс дәлізі де толық қарқынмен қалпына келтірілуде. 

"Бүгінгі күні Астана-Павлодар (200 км) және Павлодар-Семей-Қалбатау (204 км) учаскелерінде қозғалыс ашық. Биыл 500 шақырым жолда жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін 239 шақырымды аяқтаймыз. Орталық-Батыс жобасы аясында Қандыағаш-Мақат (299 км) учаскесінде жұмыстар жүріп жатыр. Ұзындығы 120 шақырым болатын Ақтөбе-Қандыағаш (60 км) және Атырау-Астрахань (60 км) учаскелерінде жөндеу жұмыстары басталды. Қазан айында Балқаш-Бурылбайтал жолының 297 шақырымын реконструкциялау басталады. 2019 жылдан бастап Қарағанды-Балқаш тас жолының 363 шақырымы мен Құрты-Қапшағай жолының 67 шақырымын жөндеу жоспарланып отыр",- деді ол.

Қытай танкілері әскери парадқа қатысуда, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Саясат
Министрлік Қытай танкілерінің Қазақстанда қайдан жүргенін түсіндірді

Ведомство басшысы көрші мемлекеттермен сауда дамыту үшін қолға алынған жобаларға да тоқталды.  

"Шекара бойындағы аймақтардың көршілес елдермен сауда-экономикалық қарым-қатынасын дамыту үшін Ресейге шығатын  "Орал-Каменка (100 км), Петропавл-РФ шекарасы (61 км) жобалары жүзеге асып жатыр. Қытайға шығатын Қалбатау-Майқапшағай (415 км), Үшарал-Достық (184 км), Таскескен-Бахты (20 км) жобалары да қолға алынған. Маңғыстау облысында Өзбекстанға шығатын Бейнеу-Ақжігіт (84 км) жолы жөнделіп жатыр", — деді Қасымбек.

Айтуынша, биыл республикалық маңыздағы автожолдарды жөндеу мен күтіп-ұстауға 76,9 миллиард теңге қарастырылған.

Жаңалықтар
0