Саясат

Министрлік Қытай танкілерінің Қазақстанда қайдан жүргенін түсіндірді

© AFP 2024 / STRҚытай танкілері әскери парадқа қатысуда, архив суреті
Қытай танкілері әскери парадқа қатысуда, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытай танкілері тиелген эшелон Қазақстан аумағы арқылы Ресейге "Бейбіт миссия" бірлескен лаңкестікке қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуына бара жатқан

АСТАНА, 13 тамыз — Sputnik. Қорғаныс министрлігі қытайлық танкілер тиелген пойыздың Қазақстанда қайдан жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik. 

Әлеуметтік желіде бүгін еліміздің аумағымен өтіп бара жатқан Қытайдың әскери техникасы тиелген пойыз түсірілген видео тарады.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қытай ұлт азаттық әскерінің бөлімшелері Қазақстан аумағы арқылы теміржол эшелонымен Ресейдің Челябі облысындағы Шұбаркөл полигонына ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің "Бейбіт миссия" бірлескен лаңкестікке қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуына бара жатқан.

намаз оқып жатқан ер адам, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қытай мұсылмандары наразылық акциясына шықты: билік ірі мешітті сүріп тастамақ

"Жүру бағыты Достық-Ақтоғай-Аягөз-Ауыл-Локоть маршруты, әрі қарай Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтеді. ҚХР-дың эшелондарына Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қарауылы еріп жүреді", — деп хабарлады министрлік.

"Бейбіт миссия" оқу-жаттығуына ШЫҰ мемлекеттері — Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қарулы күштерінің 3 мыңнан аса әскери қызметшісі және 500-ден аса қару-жарақ пен әскери техника тартылған. Оқу-жаттығу кезінде лаңкестердің билікті немесе мемлекеттердің бірінің аумағын басып алуы жағдайында қатысушы елдер қарулы күштерінің бірлескен іс-қимылдарын пысықтау қарастырылған.

Қазақстан Қарулы күштерінің эшелондарын 18 тамызда оқу-жаттығу өтетін жерге жіберу жоспарланған.

 

 

Жаңалықтар
0