Әлем

Қытай мұсылмандары наразылық акциясына шықты: билік ірі мешітті сүріп тастамақ

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтунамаз оқып жатқан ер адам, архив суреті
намаз оқып жатқан ер адам, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала билігі жүздеген мұсылманның наразылық акциясынан кейін жаңа мешітті сүруді кейінге қалдырды

АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Қытайдың солтүстік-батысындағы Вэйчжоу қаласының билігі жүздеген мұсылманның наразылық акциясынан кейін жаңа мешітті сүруді кейінге қалдырды, деп хабарлайды The Times of Israel.

Қытай - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қытай билігі өлген адамды жерлеуге тыйым салып жатыр

Жергілікті билік құрылысшылардың қажетті рұқсат қағаздарын алмағанын айтып, мешітті сүруді талап еткен. Шенеуніктер 10 тамызға дейін уақыт берген. Бұл осы аймақта тұрып жатқан этникалық мұсылмандардың наразылығын тудырып, олар 9 және 10 тамызда бейбіт акцияға шығады.

Басылымның хабарлауынша, тұрғындар мешіттің жанынан түн болғанша жергіліктің биліктің өкілдері келгенше дейін кетпей қояды. Шенеуніктер ғимаратты қалпына келтіру жоспары жергілікті халықпен келісілетінін айтып, оған дейін мешітке тиіспеуге уәде берген.

Жаңалықтар
0