Спорт

Қатарынан 39 рет жеңілген боксшы карьерасын аяқтады

© Photo : Kokeshi75Бокс қолғабы
Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кристиан Лайт он бес жылда 300 жекпе-жек өткізіп, оның он екісінде ғана жеңіске жеткен

АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. "Әлемнің ең әлсіз боксшысы" деген жаман атқа қалған британиялық "Джорнимен" Кристиан Лайт кәсіпқой бокстағы карьерасын аяқтады. 

Өткен айда 38 жасын атап өткен боксшы шаршы алаңда 15 жылда 300 жекпе-жек өткізіп, 12-сінде ғана жеңіске жеткен екен, деп жазды prosports.kz.

Бокс рингі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Тағы бір қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Уоркширдің тумасы кәсіпқой боксша сонау 2003 жылы ауысқан. Шілденің 28-і күні 300-ші жекпе-жегін өткізді. Соның 12-інде ғана жеңіске жетіп, 9 кездесуін тең аяқтаған. Ал қалған 279 айқасында жеңілістің кермек дәмін татқан. Соған қарамастан әріптестерінің арасында "Сенімді" деген лақап есімге ие. Бір қызығы, 300 жекпе-жегінің бесеуінде ғана сегіз раундтық айқас өткізіп, екеуінде 10 раунд жұдырықтасқан екен. Қалғандарының барлығы 4 немесе 6 раундтық кездесулер болған. Соңғы рет 53 жекпе-жек бұрын жеңіске жеткен, ал жеңіліп келе жатқанына 39 айқас болыпты.

"Мұның барлығын балаларымның қамы үшін жасадым. Мектепте құрдастары одан "әкең кім?" деп сұрамайды. "Қандай тамақ ішесің? Не киім киесің?" деп сұрайды. Қарындары тоқ, киімдері көк болуы керек. Қалғанының барлығы бизнес. Дегенмен, бокс әлемінде үлкен тәжірибе жинадым. Енді мен менеджер болғым келеді", – дейді бұл туралы Кристианның өзі.

Оскар де ла Хойя: Головкин Қазақстанның әнұраны орындалғанына қарсы болды 

Дегенмен, сонша жеңілісі бола тұра Кристиан Лайтты әлсіз дей алмайсың. 279 жеңілісінің бесеуінде ғана нокаутқа түскен. Қалғанының барлығында төрешілер шешім шығарған. Қыркүйектің 1-і күні кезекті кездесуін өткізуі тиіс еді, бірақ бұл жолы былғары қолғабын шегеге ілуді жөн көріпті.


Жаңалықтар
0