Спорт

Азиаданың финалында жеңілген екі боксшыға алтын медалдің сыйақысы берілді

© Sputnik / Тимур БатыршинАзиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты
Азиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Алматыда өткен Азия ойындарының жеңімпаздарына ақшалай жүлделер тапсыру салтанаты өтті

АЛМАТЫ, 6 қыркүйек — Sputnik.  Ел қоржынына "Азиаданың" күмісін салған қазақстандық екі боксшы – Әбілхан Аманқұл мен Асланбек Шымбергенов "алтынның" көлемінде материалдық сыйақы алды. Бұл туралы Алматыда ақшалай сыйлықтарды тапсыру салтанатында белгілі болды.

Александра және Екатерина Немич - Sputnik Қазақстан
Спорт
Азиада-2018: Апалы-сіңлілі синхронды жүзушілер қола жүлдеге ие болды

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі алтын медаль иегерлеріне он мың доллардан бөлген болатын, "күміс" жүлдегерлер бес мың доллар алса, қола медалге үш мың доллар төленеді.   

"Ұлттық Олимпиада комитеті біздің спортшылардың нәтижесін (Азия ойындарындағы – Sputnik) қанағаттанарлық деп бағалады. Әрине, спортшылардың барлығы бірдей үмітті ақтаған жоқ. Дегенмен, жеңілгенді жел көтереді деген сөз бар. Менің ойымша, жаттығуды одан әрі жалғастырып,  жазғы Олимпиада ойындарына дайындалуымыз керек", — деді ҚР ҰОК бас хатшысы Данияр Әбілғазин. 

Ол Ұлттық Олимпиада комитеті мен Мәдениет және спорт министрлігі спортшыларға қажетті жағдайды жасауға тырысатынын атап өтті.

Таяуда  мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан құрама командасының Индонезиядағы Азия ойындарында сәтсіздіке ұшырауына төрешілердің әділетсіздігі де әсер еткенін айтқан еді.      

Жаңалықтар
0