Спорт

Азиада-2018: Апалы-сіңлілі синхронды жүзушілер қола жүлдеге ие болды

Жазылу
Қазақстанның намысын қорғаған Екатерина мен Александра Немич қытай және жапон қыздарынан ғана артта қалды

АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Азия ойындарындағы кезекті қола медальді синхронды жүзушілер жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет баспасөз қызметі.

Жарыстың алғашқы күнінен соң үшінші орынға табан тіреген апалы-сіңлі Екатерина мен Александра Немич турнир қорытындысы бойынша қола жүлдегер атанған.

Немичтер барлығы 170.88 ұпай жинады. Алтын медаль алған қытай қыздары 186.51, күміс жүлдегер Жапония командасы 182.33 ұпай иеленді.

"Біздің қазіргі қуанышымызда шек жоқ! Көңіл-күйімізді айтып жеткізу қиын. Жақында командадағы бір спортшымыз жарақат алып қалды да, бəріміз сең соққандай күйде болдық. Əсіресе, бапкерімізге бұл ауыр соқты. Сол олқылықтың орнын жабу үшін біз жаттығу бағытын мүлде басқа арнаға бұрып жібердік. Енді топтық жаттығуда бар күшімізді салып, медальға іліксек, қуанышымыз еселене түсер еді", — дейді қуаныштары қойнына сыймаған спортшы қыздар.

© Photo : Ұлттық олимпиадалық комитетАлександра және Екатерина Немич
Александра және Екатерина Немич - Sputnik Қазақстан
Александра және Екатерина Немич
Жаңалықтар
0