Өңірлер

"Аяғын басып кеттім". Мектеп түлегі қанды оқиғаның қалай болғанын айтты

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуСотталушы, архивтегі фото
Сотталушы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбеде "Алтын белгі" иегері құрдасын қалай өлтіріп алғанын жылап тұрып баяндап берді

АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде қатарласын пышақтап өлтірген "Алтын белгі" иегеріне қатысты сот өтіп жатыр. Мектепті үздік бітірген түлекке қасақана адам өлтірді деген айып тағылды. Бозбалалар арасындағы жанжалға би кешіндегі түсініспеушілік себеп болған.

Сотталушының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтөбеде "Алтын белгі" иегері өмір бойына сотталуы мүмкін

Сотталушының жасы не бары 17-де. Бірақ тағылған айып ауыр. Сот басталғалы басын көтермеген ол арасында жылап та алады. Халықаралық білім додаларынан топ жарып, биыл ғана "Алтын белгі" иегері атанған оның қылмысқа барғанына жақындары тұрмақ, өзінің де сенгісі келмейді. Оқиғаның басы мектеп бітіру кешінде басталған. Билеп жүріп қатарласы Азат Дүсіповтың аяғын басып кетеді. Бұған ашуланған бозбала оның соңынан қалмай, әлеуметтік желі арқылы маза бермейді. Кейін көшеде кездесіп, төбелеседі. Сол кезде пышақ сілтеуіме тура келді дейді сотталушы. 

"Пышақты жерден алған кезде Азатты қорқытқым келді. Ол мүмкін төбелесті тоқтатар деп ойладым. Бірақ ол керісінше маған шабуылдады", — дейді ол.   

17 жастағы бозбала жүрегіне тиген пышақ жарақатынан көз жұмады. Айыпталушының оны қасақана өлтірмедім деп ақталғанына қарамастан, қара жамылған ата-анасының кешірім бергісі жоқ, деп хабарлады КТК.

Қыздың сұлбасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ҰБТ алдында жоғалып кеткен мектеп түлегіне қатысты суыт хабар жетті

"Бөтен адамды қасақана қазаға ұшырату мақсатында, Дүсіповтің кәмелетке толмағанын біле тұра, спорттық күртешесінде өзімен бірге алып жүрген жиналмалы пышақты алып шығып, сот-медициналық сараптама қортындысына сәйкес, денсаулығына ауыр зиян келтірген", — деді мемлекеттік айыптаушы Азамат Байболатов.

Бұған дейін сотталушыға қылмыстың ауырлығына байланысты істің төрелігін қазылар алқасының қарауына жіберуді ұсынған еді. Бірақ ол одан бас тартты. Енді оның құқығын ата-анасы мен қос адвокат қорғауда. Ал куәгерлікке тартылатындардың дені биыл ғана мектеп бітірген түлектер.  

Жаңалықтар
0