Оқиға

ҰБТ алдында жоғалып кеткен мектеп түлегіне қатысты суыт хабар жетті

© PhotoҚыздың сұлбасы, архивтегі фото
Қыздың сұлбасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ШҚО-да екі ай бұрын жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында із-түссіз жоғалып кеткен 18 жастағы Раушан Жармұхаметованы іздеу жұмыстары екі айға созылды. 

Тау - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ауылға қонаққа барып, жоғалып кеткен бала өлі табылды

Раушан Жармұхаметова 19 мамыр күні шамамен сағат 15:00 кезінде үйінен шығып кетіп, қайта оралмады. Сол күні  бойжеткен Красин кентінен Өзен вокзалы аумағына қарай бет алған екен, деп хабарлады altaynews.kz. 

Полиция қызметкерлері мен еріктілер тобы екі айдан астам уақыт іздеу жұмыстарын жүргізді.

Кеше Раушан Жармұхаметованың табылғаны туралы хабар таралды. Бұл ақпаратты жоғалған қыздың ағасы ағасы Самат Жармұхаметов растап отыр. 

Әзірше белгілі ақпарат: қыздың денесі 27 шілде күні Ертіс өзенінен табылған.

Айта кетсек, Раушан Жармұхаметова – биылғы мектеп түлегі. Ол ҰБТ тапсыруға дайындалып жүрген еді. 


Жаңалықтар
0