Спорт

Азиада-2018: бокстан Қазақстан чемпиондары шаршы алаңға шығады

© Photo : Казахстанская федерация бокса / Талгат МайлыбаевӘбілхан Аманқұл
Әбілхан Аманқұл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы Әбілхан Аманқұл мен елдің екі дүркін чемпионы Асланбек Шымбергенов финалға шығу үшін күш таластыратын болады

АСТАНА, 31 тамыз — Sputnik. Индонезия астанасында Азия ойындары жалғасып жатыр, бүгін финалға шығу үшін қазақстандық боксшылар барын салады. 

Зульфия Чиншанло. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Спорт
Зульфия Чиншанло допинг дауынан кейінгі алғашқы алтын медалін жеңіп алды

31 тамызда Қазақстанның жүлде қоры дзюдо, триатлон, қазіргі бессайыс және велотректен медальдермен толығуы мүмкін, деп жазады Ұлттық олимпиада комитеті. 

Сонымен бірге бокстан Қазақстан чемпиондары Әбілхан Аманқұл мен Асланбек Шымбергенов финалға шығуға мүмкіндік беретін жекпе-жектер өткізеді. 

Қазіргі уақытта отандық команда Азия ойындарында 60 медаль жеңіп алды, оның ішінде 11 алтын, 11 күміс және 38 қола медаль. Қазақстан әзірге 11-ші орында. 

31 тамыздағы жарыстарың кестесі (Астана уақыты бойынша) 

Триатлон. Финал. Әйелдер

А. Автушко

Басталуы: 06.30

Қазіргі бессайыс. Жекелей сын. Әйелдер

Е. Потапенко, А. Ахидуллаева

Басталуы: 08.00

Байдарка мен каноеде ескек есу. Ерлер мен әйелдер

З. Ананченко, И. Подойникова, В. Копьева, А. Березовская, И. Клинова, А. Дергунов, С. Токарницкий, Т. Хайдаров, М. Медетов 

Басталуы:  08.00

Дзюдо. Ерлер мен әйелдер

З. Райфова, Г. Исанова, И. Бозбаев, В. Демьяненко, С. Жабооров 

Басталуы: 08.00

Велотрек. Кейрин.  Мэдисон. Ерлер

А. Тұрар, С. Миралиев, С. Пономарев, П. Воржев

Басталуы:  08.00

Регби. Әйелдер

Қазақстан — Индонезия

Басталуы: 10:30

Желкенді спорт. 6 күн. Ерлер мен әйелдер

Р. Жанғазов, К. Жанғазова, Б. Кубаев. Е. Югай

Басталуы:  11.00

Волейбол. Әйелдер

Қазақстан  — Филиппин

Басталуы:  13.30

Бокс. Жартылай финал. Ерлер

А. Аманқұл, А. Шымбергенов

Басталуы: 14.00.

Самбо. Ерлер мен әйелдер

Б. Қанжанов, Б. Ибрагим, Н. Елмұратова, А. Жылқыбаева

Басталуы: 14.00

Көгалдағы хоккей. Әйелдер

Қазақстан — Гонконг

Басталуы:  14.00

Баскетбол (5х5). Әйелдер

Қазақстан — Таиланд

Басталуы: 15.00

Су добы. Жартылай финал. Ерлер

Қазақстан — Қытай

Басталуы: 16.20
Жаңалықтар
0