Өңірлер

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын ұсынды

© Sputnik / Болат Шайхиновжаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
30 тамыз – 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 29 тамыз — Sputnik. Қазгидромет алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады

Синоптиктердің хабарлауынша, жаздың соңғы күндері салқын болады. 

Қазақстан аумағына Батыс сібірден суық атмосфералық фронттар ығысады, соның ықпалынан еліміздің басым бөлігінде 30 және 31 тамызда жаңбыр жауады. Шығыста және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда нөсер жауын болады. 

"Антициклонның таралуына байланысты жаңбыр тоқтайды, бірақ температура төмендейді. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндіз ауа температурасы 15-23-тен 8-15, ал түнде 2-7 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік-шығыста күндіз 18-25°С болады", — деп жазылған хабарламада. 

Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде жазғы жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы 27-ден 34 градусқа дейін болады.

Жаңалықтар
0