Қоғам

Қызылордада сифилис жұқтырған "11 ұстаздың" қайда істейтіні анықталды

© Sputnik / Табылды КадырбековАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жергілікті тұрғындар бұл ауру ұстаздардан балаларына жұға ма деп қорқып жүр

Қызылорда, 29 тамыз  Sputnik. Қызылордада мерез ауруына шалдыққандар жоқ. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Теңге - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ауыл мұғаліміне 200 мың теңге қандай жағдайда төленеді? Министрлік есептеп берді

Бейсенбі күні БАҚ беттерінде Қызылорда облысында 11 мұғалімнің мерез ауруына шалдыққандары туралы ақпарат тарады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ақмарал Әлназарова осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Ақпарат күмәнді. Биыл осы ауруға шалдыққан адамдар бар, бірақ осы науқастар қатарында ұстаздар жоқ",  деді ол.

Әлназарованың айтуынша, журналист қауымы жазып жатқан 11 науқастың мектепке еш қатысы жоқ. Олар бар болғаны білім саласында жұмыс істейді.

"Олардың тоғызы техникалық қызметкерлер, тағы екеуі іс жүргізушілер",  деді ол.

Арал аймағында мерез ауруына шалдыққандар қатары азайып келеді. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 8,6%-ке төмендеген. Дәрігер мамандар мұны азаматтардың денсаулығына деген жауапкершіліктерінің артуымен және мемлекеттік денсаулыққа қатысты саясатының дұрыс жүргізілуімен байланыстырып отыр.

Жаңалықтар
0