АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. ҚР білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов ауыл мұғалімінің жалақысы қандай жағдайда 200 мың теңгеге жетуі мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Болжаммен есептесек, ауыл мұғалімі 200 мың теңгеден артық ала алады. Мәселен, оның жалақысы – 103 мың теңге. Егер оның сыныптары болса, дәптер тексерсе, зиянды заттармен жұмыс істесе, қосымша 27 мың теңге төленеді. Жаңартыған білім мазмұны үшін тағы 30 мың теңге қосылады. "Шебер педагог" атағын алса, жалақының 50 проценті тағы бар. Ағылшын тілінде оқитын сыныптарға сабақ берсе, қосымша 35 мың теңге төленеді. Сонда оның жалақысы болжаммен 235 мың теңгеден асып отыр. Әрине, мұның бәрі ұстаздың санатына, жетістіктеріне байланысты есептеледі", — деді Аймағанбетов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Ол қала мен ауыл мұғалімдерінің жалақысы әртүрлі екенін, сондықтан білім саласында еңбекақы туралы сөз қозғағанда, нақты ұстаздың еңбек өтілін, санаты мен басқа да жетістіктерін ескеру керектігін атап өтті.