Қоғам

Сағадиев хиджаб киетін оқушыларға қатысты мәселеге нүкте қойды

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуОқушының архивтегі фотосы
Оқушының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім және ғылым министрлігі мектептерде хиджабқа тыйым салынғанын тағы бір мәрте ескертті

АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа оқу жылы қарсаңында ведомствоның хиджаб киетін оқушыларға қатысты позициясы жайлы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Теңге - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ауыл мұғаліміне 200 мың теңге қандай жағдайда төленеді? Министрлік есептеп берді

"Мектептерде хиджабқа тыйым салынған. Біздің позициямыз өзгерген жоқ. Балаларды бөлек оқытуға қатысты айтарым, бөлек және діни оқытуды шатастырмаңыздар. Оқыту түрі қандай болмасын, мектеп бағдарламасы бір. Мектептерде кез келген оқу мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары аясында, біз қабылдаған бағдарламалар бойныша жүргізіледі", — деді Сағадиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Министр бұл мәселе барлығына қатысты екенін атап өтті. 

"Қоғам бұған түсіністікпен қарайды деген үміттеміз", — деді ведомство басшысы.

Жаңалықтар
0