АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Конституция күні қарсаңында қазақстандықтар үш күн ғана жұмыс істейді.
Биылғы жылы 30 және 31 тамыз демалыс күндері болып жарияланды. Бұл күндер бейсенбі мен жұмаға түсіп тұр. Осылайша, қазақстандықтар Конституция күнінде төрт күн қатарынан демалады.
30 тамызда сағыт 18.00-де елордада әкімдік алдындағы алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді, деп хабарланған әкімдіктің сайтында.
Жалпы, жаздың соңғы айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтардың он күн демалатыны хабарланған еді. 21 тамызда елімізде мұсылман жамағаты Құрбан айт мейрамының алғашқы күнін атап өтті.